С.Сейфуллин атындағы №11 ДБАОММЛИ

Мектепішілік «Үздік педагог-2022» байқауы

Шығармашылықпен жұмыс істейтін, өзінің авторлық жаңашыл идеясы бар, ғылыми-әдістемелік шеберлігі жоғары, жан-жақты дамыған мұғалім мәртебесін көтеретін ерекше тұлғаны анықтау және мұғалімдерді өз кәсіби құзырлықтарын жетілдіруге ынталандыру, озық педагогикалық іс-тәжірибелерді насихаттау, тарату және облыстық кезеңге іріктеу мақсатында 2022 жылдың 11-16 сәуір аралығында мектепішілік «Үздік педагог-2022» атты байқауы өткізілді.
Байқау 4 бөлімнен тұрды:
1-бөлім «Заманауи сабақтар шеруі».
2-бөлім «ЭССЕ».
3-бөлім «Педагогикалық дебют» шығармашылық көрме/ таныстырылым.
4-бөлім «Педагогикалық тәжірибе» педагог портфолиосы.
Байқау нәтижесі бойынша «Бас жүлде» химия пәні мұғалімі Казиханова Эльмира Бейсембайқызына бұйырып, кәсіподақ ұйымы атынан "Ақжайық " шипажайына тегін жолдама берілді.
І орынды қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Имашева Динара Иманбайқызы иеленді.
ІІ орынға тарих пәні мұғалімі Опиев Дархан Жайшылықұлы мен математика пәні мұғалімі Тулешева Айнура Сарсекенқызы ие болса, ІІІ орынды физика пәні мұғалімі Упагалиева Гулжайна Шапағатқызы мен орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ибрагимова Акмарал Жарасқызы, ағылшын тілі пәні мұғалімі Нұрмахова Жұлдыз Болатқызы алды. Тартысты байқауда тамаша нәтиже көрсетіп, жеңіс тұғырынан көрінген пән мұғалімдерін құттықтаймыз!
 
 
Дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты

Батыс Қазақстан облысы

Орал қаласы, Мұхит көшесі 37

Жұмыс телефоны: 50-62-73, факс: 50-62-73