С.Сейфуллин атындағы №11 ДБАОММЛИ

Республикалық пәндік олимпиада

✅2021-2022 оқу жылындағы жалпы білім беретін пәндерден олимпиаданың төртінші республикалық кезеңінің қорытындысына сай, жалпы саны 10 оқушы мектеп намысын қорғап, нәтижесінде қоржынымызға 1алтын, 1 күміс, 2 қола медаль салды.
➡️Нақтырақ:
?Өзін-өзі тану пәнінен мектеп психологі Кадырова Нұргүл Мұратқызы жетекшілік еткен Абхиев Асан І орынды иеленді.
?Ал қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен республикалық олимпиадада бағын сынаған Темірхан Мақпал ІІ орыннан көрінді. Жетекшісі - Имашева Динара Иманбайқызы.
?Қажғалиева Динар Букесқызының жетекшілігімен қатысқан Климова Нейля биология пәні бойынша және тарих пәнінен Батырғалиев Мұрадым Халелұлының жетекшілігімен тартысты додаға түскен Мурзағали Аружан ІІІ орынға ие болды.
Мектепішілік, облыстық олимпиадаларда биіктен көрініп, республикалық олимпиаданы бағындырған мектеп оқушылары мен жетекшілерін құттықтаймыз!
✅Сондай-ақ республикада облыс намысын қорғаған оқушыларымыз Сариев Едіге, Бейбіт Нұрлы, Омарова Әсел, Рамазанов Манарбек, Бегалиева Ранида, Әлібек Сая мен олардың жетекшілеріне алғысымыз шексіз!
Дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты

Батыс Қазақстан облысы

Орал қаласы, Мұхит көшесі 37

Жұмыс телефоны: 50-62-73, факс: 50-62-73