2022 жылдың 18-23 сәуір аралығы мектеп жанындағы интернат тәрбиешілері арасында «Үздік тәрбиеші-2022» байқауы ұйымдастырылды.
Байқаудың мақсаты: талантты, шығармашылықпен жұмыс істейтін, кәсіптік біліктілігін көрсете алатын интернаттың үздік тәрбиешісін анықтау, оны қолдау және ынталандыру.
Байқау 4 бөлімнен тұрды.
18-23 сәуір аралығында «Педагогикалық шеберлік алаңы» тәрбиелік шаралар шеруі болып өтсе, 23 сәуір күні «Тест» бөлімінде тәрбиешілер кәсіби біліктіліктері бойынша сынақ тапсырып, «Педагогикалық шеберлік қоймасы» бөлімінде TEDx форматында өздерінің педагогикалық ұстанымы, оны жүзеге асыру жолдарымен таныстырып, өз кәсіби қызметінің жетістіктері мен сәтсіздіктеріне анализ жасап, тәжірибесіндегі инновациялық әдіс-тәсілдер, жобалар туралы өз ойларымен бөлісті.
«Педагогикалық жағдаяттар» бөлімінде қатысушыларға тәрбие процесінде туындауы мүмкін жағдаяттар ұсынылды. Тәрбиешілер педагогикалық білімдерін қолдану негізінде мәселенің шешімін негіздеп, мәселеден шығу жолдарын ұсынды.
Байқаудың қорытындысы бойынша «Бас жүлде» Мусагалиева Аселім Қайырбекқызына бұйырса, І орынды Жоламанова Жанна Болатқызы, ІІ орынды Кулбаев Ербол Айтбайұлы, ІІІ орынды Сейткалиева Алмагүл Ермекқызы иеленді.