С.Сейфуллин атындағы №11 ДБАОММЛИ

Облыстық шығармашылық олимпиада

Білім беру ұйымдарында оқушыларды олимпиадалық конкурстарға дайындық жұмыстарын жүргізетін және өзін-өзі жетілдіретін, келешекте тұлғалық және кәсіби  шеберлігін көтерумен айналысатын мұғалімдерді анықтау мақсатында 2022 жылдың 27 сәуір күні математика және физика пәндері мұғалімдерінің облыстық шығармашылық конкурсы өткізілді. Екі блогтан тұрған конкурстың нәтижесі бойынша мектебіміздің физика пәні мұғалімі Упагалиева Гулжайна Шапагатовна І орын иегері атанса, математика пәні мұғалімі Гиззатов Жаксымбет Зинекеевич ІІІ-орын жүлдегері атанды! Ұстаздарымызды  жеңістерімен құттықтаймыз!

Дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты

Батыс Қазақстан облысы

Орал қаласы, Мұхит көшесі 37

Жұмыс телефоны: 50-62-73, факс: 50-62-73