С.Сейфуллин атындағы №11 ДБАОММЛИ

Жыл қорытындысы

Жыл қорытындысы бойынша мектебімізде биылғы оқу жылын 659 оқушы аяқтап отыр. Оның 161-і оқу озаты, 380-і оқу екпіндісі атанды. Жалпы білім сапасы 83% - құрады.
Жалпы білім беретін пәндер бойынша өткен республикалық олимпиадаға мектебімізден қатысқан 10 оқушының 5-уі жеңімпаз атанды. Мектебіміз республика бойынша үздік 50 мектептің қатарында. Республикалық жарыстардан ғылыми жобалар байқауына қатысқан 2 оқушы 2-ші және 3-ші орынға, «Мамандықтар әлемін ашамыз» байқауына қатысқан оқушымыз күміс медальға ие болды.
IELTS емтиханын тапсыруда 7 сынып оқушысы 5,5 балл алса, 11 сынып оқушылары 6,5-тен 8 баллға дейін жинады.
Мектептің биылғы екі түлегі FLEX бағдарламасы бойынша Америка Құрама Штатынан оқуын сәтті аяқтап, жоғары оқу орнында жалғастыруға шақырылса, аталған бағдарлама бойынша бүгінде 1 оқушы 11 сыныпты Америка құрама штатына оқуға шақырылып отыр.
Сонымен қатар, түлектеріміз жылма-жыл Назарбаев Университетінің грант иегерлері атануда. 4 түлек түрлі пәндік олимпиаданың жеңімпазы болып, Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Ақтау қаласындағы Ш.Есенов атындағы Каспий технология және инженерлік университетінің грант иегерлері атанды. 2 түлек шетелге, яғни Германияның Европалық қолданбалы ғылымдар университетіне және Оңтүстік Кореяға Сеул Университетіне шақырту алды.
7 түлек «Алтын белгіге», 23 түлек «Үздік аттестатқа» үміткер.
Оқушы жетістігі - ұстаздың сапалы еңбегінің нәтижесі. Ұстаздар үнемі кәсіби өсу мен шығармашылық шыңдалуда. Математика, физика және информатика пәні мұғалімдерінің VIII халықаралық шығармашылық байқауында мектебіміздің математика пәні мұғалімі Тауас Ернар Ізбасарұлы ІІІ орын алса, Республикалық «Үздік авторлық бағдарлама» конкурсында биология пәні мұғалімі Өтемісова Арайгүл Өтемісқызы ІІІ орын жүлдегері атанды.
Математика және физика пәндері мұғалімдерінің арасында өткен ҮІІІ облыстық шығармашылық конкурсында физика пәні мұғалімі Упагалиева Гулжайна Шапағатқызы І орын, математика пәні мұғалімі Гиззатов Жақсымбет Зинекеұлы жүлделі ІІІ орын ие болды.
Облыстық "Математикалық регата" турнирінде мектебіміздің математика пәні мұғалімдерінің командасы ІІІ орынды жеңіп алса,
сынып жетекшілерінің облыстық байқауында бастауыш сынып мұғалімі Койшыбаева Мөлдір Өтемісқызы "Тәлімгер сынып жетекші" номинациясымен марапатталды.
 
Мектеп түлектері мен оқушыларды және аяулы ұстаздарды оқу жылының аяқталуымен құттықтаймыз!
 
Дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты

Батыс Қазақстан облысы

Орал қаласы, Мұхит көшесі 37

Жұмыс телефоны: 50-62-73, факс: 50-62-73