С.Сейфуллин атындағы №11 ДБАОММЛИ

1 маусым - Халықаралық балалар күні

«1 маусым - Халықаралық балалар күніне» орай, мектебімізде балаларды қорғау күні туралы түсініктерін кеңейтіп, ойын-сауықта ән айтып, би билеп, сурет салу арқылы шығармашылық қабілеттерін арттыру, балаларды өзін құрметтеуге, жеке тұлға ретінде көрсете білуге тәрбиелеу мақсатында әртүрлі бағыттағы іс-шаралар оздырылды. Алдымен мектепке келген әр оқушыға көтеріңкі көңіл-күй сыйлау үшін 4-8 сынып  оқушыларына  «Жарқын болашақ - жастарымыз» атты флэшмоб ұйымдастырылып, шара «Бақытты балалық шақ» мерекелік концертіне ұласты. Концерт барысында мектеп директоры Хамзина Аягөз Орынбайқызы балаларды мерекемен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Әсем әуен, әдемі бимен  өрілген мереке 4 сыныптарға арналған «Асфальттағы суреттер» сурет салу терапиясымен, 5-6 сыныптарға «Қызықты эстафета» және 7-8 сыныптарға арналған «Келешектің тұтқасы-білімді ұрпақта» тақырыбындағы психологиялық тренинг, ұлттық және командалық ойындарымен жалғасты. Өткізілген әр шарадан ерекше  әсер алған оқушыларға шара соңында мерекеге орай тәттілер ұсынылып,  мерекелік концерт «Ақ көгершін» әнімен  қорытындыланды.

Дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты

Батыс Қазақстан облысы

Орал қаласы, Мұхит көшесі 37

Жұмыс телефоны: 50-62-73, факс: 50-62-73