Бүгін, қалалық мәдениет және демалыс паркінде облыстық биологиялық-экологиялық орталығының ұйымдастыруымен “Гүлдер әлемі” фестивалі оздырылды. Шараның мақсаты: оқушылардың бойындағы экологиялық мәдениетті дамыту, дәріптеу. Жасыл әлемді сақтап қалуға шақыру. Осы фестивальға 7в сыныбының белсенді оқушыларының бірі Қайрат Сабина жетекшісі Жанерке Манасқызымен бірге барып, “Гүлдер шеруі” номинациясы бойынша қалдық заттардан костюм ұсынып, ІІІ орын иеленді.