С.Сейфуллин атындағы №11 ДБАОММЛИ

Ұcтаздың дара жолы

Бүгін Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің құрметті қызметкері, «Үздік педагог» байқауының жеңімпазы Аянбек Әділгерейұлының мерейлі жасын мектеп ұжымы атап өтті. Зейнеткерлік жасқа орай өткен «Ұстаздың дара жолы» атты шараға облыстық білім басқарма қызметкерлері, сондай-ақ З.Мүти бастаған достары, сыныптастары қатысты. Мектеп директоры А.О.Хамзина аталған шараның кең көлемде өтуіне мұрындық боп, Аянбек Әділгерейұлына қызметі үшін алғыс білдірді. Шарада облыстық білім басқармасының марапаты табыс етіліп, ұстаздық қызмет туралы тақырып қозғалды. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен шара аталған мамандықтың қыр-сырын қанықтыра түсті.

Дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты

Батыс Қазақстан облысы

Орал қаласы, Мұхит көшесі 37

Жұмыс телефоны: 50-62-73, факс: 50-62-73