С.Сейфуллин атындағы №11 ДБАОММЛИ

Білімді ұрпақ - қуатты Қазақстан!

«1 Маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне» орай, облыс әкімі Есқалиев Ғали Нәжімеденұлы республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар сайысына қатысып, жүлделі орын алған жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттады.
Нақтырақ айтсақ, республикалық пәндер олимпиадасында өзін-өзі тану пәні бойынша І орын иегері, 9 сынып оқушысы Абхиев Асан, ғылыми жобалар байқауының ІІ орын жеңімпазы, мектебіміздің биылғы жылғы түлегі Жүсіп Ақжол және қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша республикалық олимпиадада ІІ орын иегері, мектебіміздің 2022 жылғы түлегі Темірхан Мақпал, республикалық ғылыми жобаның ІІІ орын жеңімпазы, 9 сынып оқушысы Аманғали Аружан, биология пәні бойынша республикадан ІІІ орын иегері, биылғы түлек Климова Найля, тарих пәні бойынша ІІІ орын жеңімпазы, 10 сынып оқушысы Мурзағали Аружан облыс әкімінің алғыс хаты мен қаржылай сертификатына ие болды.
 
 
 
 
 
Дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты

Батыс Қазақстан облысы

Орал қаласы, Мұхит көшесі 37

Жұмыс телефоны: 50-62-73, факс: 50-62-73