С.Сейфуллин атындағы №11 ДБАОММЛИ

Рәміздерім - мақтанышым

Бүгін мектебімізде 4 маусым Рәміздер күніне орай, тәрбиелік іс-шаралар оздырылды. Ертеңгілік ҚР Гимнімен бастау алды.
7 сынып оқушыларына сынып кураторы Рахметова Жанар Жұмағалиқызының ұйымдастыруымен «Рәміздерім-мақтанышым» атты тәрбиелік шара өткізілді. Топтық сайыс түрінде жүзеге асқан шараның мақсаты: оқушылардың Елтаңба, Ту, Әнұран туралы түсініктерін кеңейту, отансүйгіштікке адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеп, құрметтеуге, халқының тегін, ел тарихын тани білуге құрметтеуге, ұлтжандылыққа тәрбиелеу. Мектебіміздің тарих пәні мұғалімі Алышев Бауыржан Сағынұлы қатысқан шарада, алдымен рәміздер туралы толығырақ мәлімет айтылып, «4 маусым-Рәміздер күні » бейнеролигі көрсетілді. Сайыс: «Сіз білесіз бе?, «Мақал-мәтелдер айтып көрейік», «Ұғымдар» категориясы, «Сиқырлы әріптер», «Кім зерек?», « Білімдінің көзі ашық» деп аталатын 6 айналымнан тұрды. Айналымдар бойынша топ-топқа бөлінген оқушылар тақырып төңірегінде мақал-мәтелдер айтып, қойылған сұрақтарға белсене жауап берді.
Осындай шара «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері» тақырыбында 8 сынып оқушыларына да оздырылды. Тарих пәні мұғалімі Әлмұқан Асқар Сатыбайұлы өткізген сабақ барысында оқушылар рәміздер тарихынан мол мағлұматпен қанықты.
 
 
Дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты

Батыс Қазақстан облысы

Орал қаласы, Мұхит көшесі 37

Жұмыс телефоны: 50-62-73, факс: 50-62-73