С.Сейфуллин атындағы №11 ДБАОММЛИ

Домбыра party

Бүгін мектебімізде жазғы мектеп аясында «Мұрагер» бағдарламасының жетекшісі Ильжанова Халила Ермекқызының ұйымдастыруымен, 4,5,6 сынып оқушыларына «Киелі аспаптың құдіреті» тақырыбында Домбыра party шарасы өткізілді.
Шараның мақсаты: Қазақтың ұлттық саз аспабын, ұлтқа тән қасиет құндылықтарын дәріптеп, жастарға ұлттық рух беру, бойында өз еліне деген мақтаныш сезімін қалыптастыру. Мәдени сауатты, қазақтың аспаптық музыкасын терең түсінетін, құрметтейтін, өресі биік, халқымыздың ұлттық аспабы домбыраны қастерлейтін ұрпақ тәрбиелеу. Өнерге бейімдеу арқылы әсемдік әлемін таныту, өнерге деген сүйіспеншілігін, ынта-ықыласын арттыру.
Шараға домбыра аспабының қадір-қасиеті мен күй құдіретін ұғынған әр оқушы зор ынтамен қатысып, Домбыра party өз мақсатына жетті.
 
 
 
Дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты

Батыс Қазақстан облысы

Орал қаласы, Мұхит көшесі 37

Жұмыс телефоны: 50-62-73, факс: 50-62-73