Бүгін мектебіміздің 5,6- сынып оқушылары жазғы мектеп аясында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Айымгүл Таскенова мен куратор Арайлым Жасталапқызының ұйымдастыруымен, Х.Бөкеева атындағы Батыс Қазақстан облыстық драма театрына барды.
Онда оқушылар адамға ізгілік пен адамгершілік жолын насихаттайтын Ғ.Арыновтың «Жаманшылық деген не?» атты пьесасын тамашалап, пьесаның ұтымды және тәрбиелік мәнін өзара талдады.
Кейін Жұбан Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасына барды.Аталған кітапханада оқушылар өздеріне оқырман куәліктерін аштырып, жазғы демалыстарында міндетті түрде келетіндерін айтып, өте жақсы әсермен оралды.