С.Сейфуллин атындағы №11 ДБАОММЛИ

Мемориалдық мұражай үйіне саяхат

Бүгін жазғы мектеп аясында, мектебіміздің 4 сынып оқушылары сынып жетекшісі Қойшыбаева Мөлдір Өтемісқызының жетекшілігімен, жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру мақсатында қазақтың қаһарман қызы, Кеңес Одағының батыры М.Маметова атындағы мемориалдық мұражай үйіне саяхатқа барды. Экскурсия жетекшісі мұражайдың ашылу тарихы туралы айтып, Мәметовтар отбасы, Мәншүктің соғысқа аттануы, көрсеткен ерлігі мен батырлығы, қазасы туралы мағлұмат берді. Оқушылар мұражай экспозициясында көрсетілген Мәметовтар отбасының тұрмысының ішкі көрінісі,орындықтар, айна, сандық, ыдыс, «Zinger» тігін машинасы, жеке самаурын, хаттар мен кітаптар салатын қалташа (сөмке), А.Жамелованың «Дала қызы» гобелені, Мәншүктің анасына жазған хаттарымен, батырдың қолданған қару-жарақтарын көріп, танысты.«Мәншүктің өшпес ерлігі» диорамасына кірген балалардың көңіл-күйлері көтеріліп, батыр қыздың ерлігі мен өрлігіне қызығушылық танытты.

 

 

 

Дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты

Батыс Қазақстан облысы

Орал қаласы, Мұхит көшесі 37

Жұмыс телефоны: 50-62-73, факс: 50-62-73