С.Сейфуллин атындағы №11 ДБАОММЛИ

2022-2023 ОҚУ ЖЫЛЫНА БОС ОРЫНДАРҒА ОҚУШЫЛАР ҚАБЫЛДАУ

  Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының «Дарынды балаларға арналған мамандандырылған С.Сейфуллин атындағы

№11 облыстық мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Орал қаласы, Мұхит көшесі 37, тел.50-62-73, сайт: www.11-mektep.edu.kz

 

 2022-2023 ОҚУ ЖЫЛЫНА БОС ОРЫНДАРҒА ОҚУШЫЛАР ҚАБЫЛДАУ ЕРЕЖЕСІ

 

«Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы № 564 бұйрығының 15-тармағына сәйкес мамандандырылған білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау конкурстық негізде жүргізіледі. Аталған бұйрықтың 45-тармағына сәйкес мамандандырылған білім беру ұйымының 8-11 сыныптарында орын босаған жағдайда мамандандырылған білім беру ұйымы конкурстық іріктеуді дербес жүргізеді, бірақ "Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-76 бұйрығы талаптарға сәйкес бекітілген оқушылар санынан аспайды. Осы құжаттарды және білім беру ұйымының жарғысын негізге ала  отырып, 2022-2023 оқу жылындағы 5,8,9,10 сыныптарда бос орындардың болуына орай конкурстық негізде оқушылар қабылдау жүзеге асырылады. Конкурсқа облыстың  және Орал қаласы мектептерінің оқушылары қатыса алады.

Қабылдау конкурсы:

 

  1. 5-сыныпқа қазақ тілі мен математика пәндерінен тест түрінде жүргізіледі.
  2. Бағдарлы 8,9,10-сыныптарға 7,8,9 сыныпты оқып бітірген  оқушылар 3 бағытта: қоғамдық-гуманитарлық,  жаратылыстану-математика бағытының 2 бағдары бойынша (химия-биология, математика-физика) конкурстық негізде қабылданады.

Бағыты

Пәні

1.     

Қоғамдық-гуманитарлық

Қазақ тілі мен  әдебиеті

Тарих

2.     

Жаратылыстану-математика

(химия-биология)

Химия

Биология

3.     

Жаратылыстану-математика (математика-физика)

Математика

Физика

 

  1. Қабылдау емтихандары материалдарын дайындау үшін мектептің тәжірибелі мұғалімдері арасынан шығармашылық топ құрылады.
  2. Шығармашылық топ тест тапсырмаларының бірнеше нұсқасын дайындайды.
  3. Дайындалған материалдардан қабылдау емтиханының тапсырмалары іріктеліп құрастырылады.
  4. Тапсырмаларды іріктеу құпиялылығы сақталады. Іріктеуді жүргізу жауапты бір маманға тапсырылады.
  5. Конкурсқа 4,7,8,9-сыныпты «үздік» және «оқу екпіндісі» үлгерімімен оқып аяқтаған оқушылар қатыса алады. Талапкерлерді тіркеу ағымдағы жылдың 22 шілде - 3 тамыз күндері аралығында жүргізіліп, конкурстық емтихан ағымдағы жылдың 6 тамызы күні өткізіледі.

 

         Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар тізбесі:

1.1.   Берілген үлгідегі ата-анасының (заңды өкілінің) өтініші;

1.2.   Оқушының өткен оқу жылындағы сабақ үлгерімі туралы табелінің түпнұсқасы мен көшірмесі;

1.3.   Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;

 

 

Дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты

Батыс Қазақстан облысы

Орал қаласы, Мұхит көшесі 37

Жұмыс телефоны: 50-62-73, факс: 50-62-73