С.Сейфуллин атындағы №11 ДБАОММЛИ

Сәкен мектебіне алғыс білдірді

Ағымдағы жылдың 10-11 тамыз күндері Республикалық "Дарын" ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен Қаскелең қаласындағы Сүлейман Демираль атындағы университет базасында "Дарын" қосымша білім орталықтары мен мамандандырылған білім беру ұйымдарының басшылары және орынбасарларына арналған "Оқыту мен тәрбиелеу жүйесін трансформациялау: сын-қатерлер, мүмкіндіктер, жауапкершілік" тақырыбында республикалық педагогикалық тамыз кеңесі болып өтті.

Педкеңестің мақсаты - білім сапасын арттырудың нақты жағдайларын талқылау үшін басшылар арасында диалог алаңын ұйымдастырып, дарынды балалармен жұмыс жүйесін жетілдіру бойынша практикалық тәжірибе алмасуға жағдай жасау.                                                                                                                                                 

Тамыз кеңесінің жұмысына  мектеп директоры мен оқу ісі жөніндегі орынбасары қатысып, әр түрлі секцияларда тәжірибе алмасты. Педкеңестің педагогикалық алаңдарында шеберлік сабақтар, тренингтер өткізіліп, жаңа Қазақстанның жаңа педагогінің бойында болуыға тиісті қасиеттер туралы сөз қозғалды. Кеңес соңында  республикалық "Дарын" ғылыми-практикалық орталығының басшысы А.Унайбеков педагогтерді жаңа оқу жылымен құттықтап, табыстар тіледі. Сонымен қатар өткен оқу жылында жақсы жетістікке жете білген білім ұйымдарының ұжымдарына алғыс білдірді.

Сәкен мектебі ҰЖЫМЫНЫҢ жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудегі еңбектерін және республикалық олимпиадада жеткен жетістіктерін жоғары бағалап, алғысын білдірді.

Дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты

Батыс Қазақстан облысы

Орал қаласы, Мұхит көшесі 37

Жұмыс телефоны: 50-62-73, факс: 50-62-73