С.Сейфуллин атындағы №11 ДБАОММЛИ

Халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын отбасы балаларына қабылдау емтиханы өтетінін хабарлайды!

Әлеуметтік осал топтардан оқушыларды қабылдау

​​Назар аударыңыз! Шұғыл түрде! 6-сыныпты аяқтап, 7-сыныпқа қадам басқан оқушылар және олардың ата-аналары Сіздер үшін маңызды ақпарат. 

Дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын отбасы балаларына қабылдау емтиханы өтетінін хабарлайды!

Негіздеме: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2018 жылғы 12 қазандағы №564 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің 2022 жылғы 5 тамыз күнгі №350 бұйрығы.

Өтініштерді қабылдау: 15.08-22.08 аралығында өтеді. Кешікітірілген құжаттар қабылданбайды.

Өтінішті қабылдау оффлайн түрде түргізіледі. Құжаттардың түпнұсқалығы немесе сәйкестігі расталған жағдайда ғана үміткерге 48 сағат ішінде рұқсатнама жіберіледі. 

Қабылдау емтихан: 24.08.2022 күніне жоспарлануда, нақты алдын-ала хабарланады.

Конкурстың нәтижелерін қабылдау комиссиясы 2022 жылғы 26 тамыз күні сағат 10:00-де https://11-mektep.edu.kz сайтында жариялайды.

Конкурста Үміткер 75 тесттік сұрақтардан тұратын емтихан тапсырады:

  • Математика және логика – 55 сұрақ; 
  • Оқу сауаттылығы – 10 сұрақ; 
  • Қазақстан тарихы – 10 сұрақ.

Құжаттар тізімі:

1) баланың ата-анасынан немесе өзге де заңды өкілінен өтініш;
2) ЖСН-ді көрсете отырып, баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
3) баланың оқу орнынан ұйымның мөрімен расталған фотосуреті бар анықтама;
4) баланың 3х4 көлеміндегі 2 дана фотосуреті;
5) халықтың әлеуметтік осал топтарына жататынын растайтын құжаттардың түпнұсқасын көрсете отырып, көшірмелері. 

 

Халықтың әлеуметтік осал топтары және қажетті құжаттар тізімі:

  1. мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алатын ауылдық жерден шыққан отбасының балалары:
    – Әлеуметтік көмек алатынын нақтылайтын анықтама (egov.kz)
    – Үміткердің білім беру ұйымынан анықтама 
  2. ата-аналарының біреуі бірінші топтағы мүгедектігі бар отбасының балалары:
    – Ата-анасының мүгедектігі туралы анықтама (egov.kz)
  3. отбасы мүшесінде мүгедек баласы бар немесе оны тәрбиелеп отырған отбасылар:
    – Мүгедектігі бар баланың туу туралы күәлігі (немесе бала асырап алу туралы күәлік)

– Баланың мүгедектігі туралы анықтама (egov.kz)
– Ата-ананың (қамқоршының) жеке күәлігі көшірмесі

  1. жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар:

– Жетім балалар: ата-анасының екеуі де немесе жалғыз анасы (әкесі) қайтыс болғаны туралы анықтама
– Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар: өтініш берушінің жеке күәлігі көшірмесі және қамқоршы немесе қорғаншы ретіндегі құқығын растайтын анықтама (egov.kz)

  1. отбасыларда тұратын жетiм балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар:

– Отбасыда тұратын жетім балалар: өтініш берушінің жеке күәлігі көшірмесі және қамқоршы немесе қорғаншы ретіндегі құқығын растайтын анықтама (egov.kz)
– Өтініш берушінің жеке күәлік көшірмесі және бала асырап алу туралы күәлік

  1. төтенше жағдайлар салдарынан шұғыл көмекке мұқтаж отбасылардан шыққан балалар:

– Жергілікті немесе республикалық жедел штаб басшысының төтенше жағдай режимін енгізу туралы шешімі
– Төтенше әлеуметтік режимнің Өтініш беруші мен балаға әсер ететінін көрсететін құжаттар

  1. экологиялық зілзалалар, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай салдарынан тұрғын үйінен айырылған отбасылардың балалары:

– Төтенше жағдай салдарынан өтініш берушінің тұрғынжайдан айыру фактісін растайтын құжаттар
– Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжай/жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжай беру үшін есепке қою фактісін растайтын құжаттар

  1. мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді, әскери қызметті атқарған кезінде, ғарыш кеңістігіне ұшуға дайындалу немесе жүзеге асыру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасыларының балалары:

– Аталмыш себептер салдарынан өтініш берушінің отбасы мүшелерінің бірінің қаза табу (қайтыс болу) фактісін растайтын құжаттар (Бұл жағдайда баланың ата-аналары немесе қамқоршылары, баланың ата-анасы бір аға мен әпкелері);
– Қайтыс болған азаматтың немесе азаматшаның отбасы мүшесі екендігін дәлелдейтін құжат(тар).

 

Дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты

Батыс Қазақстан облысы

Орал қаласы, Мұхит көшесі 37

Жұмыс телефоны: 50-62-73, факс: 50-62-73