С.Сейфуллин атындағы №11 ДБАОММЛИ

1 қыркүйек - Білім күні

Бүгін мектебімізде 2022-2023 жылға арналған «Алғашқы қоңырау» салтанатты жиыны өтті. 1 қыркүйек- Білім мерекесі жиынының шымылдығы- мектебіміздің 3-4-ші өнер сыныбындағы бишілер тобының «Қазақ биімен» ашылды. Шараға «Конденсат» акционерлік қоғамының директоры Кенесов Мұрат Рахметоллаұлы, облыстық кәсіподақ комитетінен Курмангалиева Гүлжанат Есетқызы, ата-аналар, ұстаздар және іс оқушылар қатысты. Алтын ұя мектептегі соңғы «Алғашқы қоңырауы» соғылған мектебіміздің 11 сынып оқушылары ортаға шақырылып, кейін ҚР Гимні шырқалды. Салтанатты жиын 11сынып оқушылары Рахметуллин Қасымжомарт пен Мурзагалиева Аружанның С. Сейфуллин ескерткішіне гүл шоғын қоюмен жалғасты. Білім күнімен құттықтау үшін мектеп директоры Хамзина Аягөз Орынбайқызы жиылған қауымды мерекемен құттықтап, Айболсын Тастемирова мен Зәмзагүл Мағзомованы облыстық білім беру жүйесіндегі педагогикалық шеберлігі мен шығармашылық ізденісі үшін Құрмет Грамотасымен және Тұрсынгүл Ахметуллаеваны «Дарын» қосымша білім беру орталығының Білім саласындағы шығармашылық еңбегі, ел Тәуелсіздігінің тірегі-бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиесіне қосқан үлесі үшін Алғыс хатымен марапаттады. Сондай-ақ «Конденсат» акционерлік қоғамының директоры Мұрат Кенесов мектебімізге қамқоршылық көмектерін көрсетіп жүрген мекеме басшылары мен ата-аналарға Алғыс хаттар табыстады. Зор құрмет пен қошемет 6 а сынып оқушысы Жанияр Нұрайымның орындауындағы «Мектебім» әніне ұласты. Кейін құттықтау сөз алған 7 сынып оқушысы Ақболатова Айлананың ата-анасы Үмбетиярова Айгерім Галимовна ұстаздар мен оқушыларға жаңа оқу жылына сәттілік тіледі.«Мен қазақтың ұлымын» деп әуелеткен өнер мектебінің шәкірті Махамбет Мансұрдың әнінен кейін, 5 сынып оқушылары Сейдазимов Аслан мен Қалимолла Айзере алғашқы қоңырау үнін сыңғырлатты.

Дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты

Батыс Қазақстан облысы

Орал қаласы, Мұхит көшесі 37

Жұмыс телефоны: 50-62-73, факс: 50-62-73