С.Сейфуллин атындағы №11 ДБАОММЛИ

Бала құқығы – адам құқығы

20 қараша – Дүниежүзілік балалар күні қарсаңында ұйымдастырылған «Бала құқығы – адам құқығы» республикалық онкүндігі аясында «Мен және менің құқықтарым» тақырыбында құқық қорғау органдары мамандарымен кездесу өтті. Оқушылардың құқықтық сауатын арттыру, ҚР Заңдарын білуге, сыйлауға тәрбиелеуді мақсат еткен жиынға Орал қаласы прокуратурасының қоғамдық мүдделерді қорғау бөлімінің прокуроры Халелова Алия Нұрғалиқызы мен Байғалиев Әділбек Саматұлы, мектеп инспекторы Рысқалиева Арай Баянқызы және 8-9 сынып оқушылары қатысты. Құқық қорғау органдары мамандары тақырып шеңберінде кәмелетке толмағандардың құқықтары туралы баяндап, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді (өткізген: мектеп Парламенті). Осы онкүндік аясында мектеп Парламентінің құқықтық фракциясы – «Жебе» дебат клубында облыстық «Үздік пікірсайысшы – 2022» турнирінің мектепішілік кезеңі өтті. «Әскери борышты өтеуді патриотизм деп есептейді» тақырыбында өрбіген дебатқа 7-10 сынып оқушылары қатысты. Мақсаты: өскелең ұрпақтың қазақстандық патриотизмі мен азаматтылығын қалыптастыру, оқушылардың бойында жауапкершілік, туған өлке мен елдің мәселелерін талқылауға және шешуге қатыстылық сезімін тәрбиелеу, пікірсайыс қозғалысын дамыту, насихаттау және қолдау.

Дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты

Батыс Қазақстан облысы

Орал қаласы, Мұхит көшесі 37

Жұмыс телефоны: 50-62-73, факс: 50-62-73