С.Сейфуллин атындағы №11 ДБАОММЛИ

Ұйымдар жұмысын жандандыру

Білім басқармасының 2022 жылғы 20 қазандағы №859 бұйрығы негізінде Қазақстан Республикасының «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасына сәйкес білім алушылардың бойында азаматтық жауапкершілік дағдыларын дамыту, қоғам мен мемлекетті жетілдіру мүддесінде әрекет ете алатын қабілетті және көшбасшылық қасиеттері жоғары мектеп Президенттерін анықтау, оларға қолдау көрсету мақсатында 24 қараша күні «Дарын» қосымша білім орталығының ұйымдастыруымен «Мектеп парламенті» өзін-өзі басқару ұйымдары арасындағы «Үздік мектеп Президенті» облыстық сырттай байқауы өткізілген болатын.
Байқауға мектеп Парламенті Президенті, 10-сынып оқушысы Абхиев Асан қатысып, жүлделі ІІ орынды иеленді (жетекшісі: педагог-ұйымдастырушы Д.Максутова).

Желтоқсан айында Облыстық дарынды балаларға арналған Абай атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты базасында өткен «Ұланы бар елдің ұраны бар» атты «Жас Ұлан» ұйымының семинарына мектебіміздің Президенті Абхиев Асан, Ұланбасы Хайрулла Батырхан, мәдениет және өнер фракциясы министрі Суиндикова Анель және педагог-ұйымдастырушы Молдагалиева Ұлбосын Жексембайқызы қатысып келді. Шара мақсаты: «Жас Ұлан» ұйымының жұмысын жандандыру және өзара тәжірибе алмасу.

 

Дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты

Батыс Қазақстан облысы

Орал қаласы, Мұхит көшесі 37

Жұмыс телефоны: 50-62-73, факс: 50-62-73