С.Сейфуллин атындағы №11 ДБАОММЛИ

Цифрлық мектеп моделін жобалаудағы басқарушылық технологиялар

2022 жылдың 17 қазаны күні мектеп тәжірибесі «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы «Батыс Қазақстан облысы бойынша Кәсіби даму институты» тыңдаушыларына арналған семинарда таныстырылды.

Мектеп директорының оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары З.Мазумова мен ақпараттық технологиялар жөніндегі орынбасары З.Мұхтар «Тәжірибедегі цифрлық орта» тақырыбында жүргізіліп жатырған жұмыстарды баяндады.

Иформатика пәнінің оқытушысы Г.Кудабаева «EXCEL бағдарламасы көмегімен жиынтық бағалау қорытындысын талдауды автоматтандыру» атты жобасын таныстырды.

Мектептің «Рedagogical skills» шығармашылық тобының жетекшісі Э.Казиханова «Цифрлық дағды: педагогтің кәсіби даму құралы» тақырыбында өзінің электронды портфолио жасау, youtube арнасын жүргізу тәжірибелерімен бөлісті.

«Ізденіс» шығармашылық тобы (жетекшісі Г.Хайрекеева) «Оқытудағы цифрлық ресурстар» жарнамалық шебер-сыныптарын жүргізді.

Семинар соңы кері байланыспен аяқталды.

Дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты

Батыс Қазақстан облысы

Орал қаласы, Мұхит көшесі 37

Жұмыс телефоны: 50-62-73, факс: 50-62-73