Дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты

Код сағаты: республикалық акция аясындағы информатика сабақтары өтті

2022 жылдың 5-11 желтоқсан аралығында мектептің 5-11 сынып оқушыларына «Жасанды интеллект: адам vs робот» тақырыбында сабақтар өткізілді.

Код сағаты – 180-нен астам елден келген бірнеше миллион студенттер мен оқушыларды қамтитын жаһандық қозғалыс. Код сағатының мақсаты – қатысушыларды қарапайым және қызықты түрде бағдарламалаумен таныстыру және олардың нақты ғылымдарға деген қызығушылығын ояту.

Сабақ барысында пән мұғалімдері жасанды интеллект және робот туралы таныстырылымдар жасап, ақпараттармен толықтырды. Өз кезегінде сабақтың тәжірибелік бөлімінде оқушылар https://hourofcode.kz/kz сайтындағы тапсырмаларды және https://www.autodraw.com/ порталында жасанды интеллект арқылы шығармашылық суреттерін салды.

Қатысушы оқушыларға электронды сертификаттар ұйымдастырушылар тарапынан ұсынылды.

Дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты

Батыс Қазақстан облысы

Орал қаласы, Мұхит көшесі 37

Жұмыс телефоны: 50-62-73, факс: 50-62-73