Дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты

Бос жұмыс орындарына конкурс жариялайды

Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының «Дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей- интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Төмендегі бос жұмыс орындарына конкурс жариялайды:

1. Математика пәнінің мұғалімі - 1 бірлік /тұрақты/

Үміткерлерге қойылатын талаптар: Жоғары педагогикалық немесе бейіні бойынша білім және педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 3 жыл болуы тиіс, білім саласына байланысты ҚР заңдарын білуі.

Функционалдық міндеттері: Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, білім алушыларды оқытуды және тәрбиелеуді жүзеге асырады. Білім алушылардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, оқытудың жаңа тәсілдерін, тиімді нысандарын, әдістері мен құралдарын қолданады. Әдістемелік бірлестіктердің, мұғалімдер қауымдастығының, әдістемелік, педагогикалық кеңестердің, желілік қоғамдастықтардың отырыстарына қатысады. Кәсіби құзыреттілікті арттырады. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидаларын сақтайды.

Еңбекақы мөлшері - 124 587 мен 168 122 теңге аралығында

2. Көркем еңбек пәнінің мұғалімі /ұл балдарға/ – 1 бірлік /тұрақты/

Үміткерлерге қойылатын талаптар: Жоғары педагогикалық немесе бейіні бойынша білім және педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 3 жыл болуы тиіс, білім саласына байланысты ҚР заңдарын білуі.

Функционалдық міндеттері: Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, білім алушыларды оқытуды және тәрбиелеуді жүзеге асырады. Білім алушы ұл балаларға станоктар мен құрылғылармен жұмыс жасау, оқытудың жаңа тәсілдерін, құралдарын қолданады. Әдістемелік бірлестіктердің, мұғалімдер қауымдастығының, әдістемелік, педагогикалық кеңестердің, желілік қоғамдастықтардың отырыстарына қатысады. Кәсіби құзыреттілікті арттырады. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидаларын сақтайды.

Еңбекақы мөлшері - 124 587 мен 168 122 теңге аралығында

3. 3D модельдеу, техникалық модельдеу STEAM үйірмесінің жетекшісі – 1 бірлік /тұрақты/

Үміткерлерге қойылатын талаптар: Жоғары педагогикалық немесе бейіні бойынша білім және педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 3 жыл болуы тиіс, білім саласына байланысты ҚР заңдарын білуі.

Функционалдық міндеттері: Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, білім алушыларды оқытуды және тәрбиелеуді жүзеге асырады. Білім алушылардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, оқытудың жаңа тәсілдерін, тиімді нысандарын, әдістері мен құралдарын қолданады. 3D модельдеу, техникалық модельдеу STEAM бойынша оқушыларды үйрету, оқыту. Әдістемелік бірлестіктердің, мұғалімдер қауымдастығының, әдістемелік, педагогикалық кеңестердің, желілік қоғамдастықтардың отырыстарына қатысады. Кәсіби құзыреттілікті арттырады. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидаларын сақтайды.

Еңбекақы мөлшері - 124 587 мен 168 122 теңге аралығында

4. Қобыз класының мұғалімі – 1 бірлік/тұрақты/

5. Баян класының мұғалімі – 1 бірлік/тұрақты/

Үміткерлерге қойылатын талаптар: Жоғары педагогикалық немесе бейіні бойынша білім және педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 3 жыл болуы тиіс, білім саласына байланысты ҚР заңдарын білуі.

Функционалдық міндеттері: Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес, білім алушыларды оқытуды және тәрбиелеуді жүзеге асырады. Білім алушыларға аспаптар ойнауды үйретудің жаңа тәсілдерін, әдістері мен құралдарын қолданады. Қобыз, баян аспаптары бойынша білім алушыларды аспапта ойнауды үйрету, шеберлік дағдыларын, музыкалық деңгейлерін дамыту. Әдістемелік бірлестіктердің, мұғалімдер қауымдастығының, әдістемелік, педагогикалық кеңестердің, желілік қоғамдастықтардың отырыстарына қатысады. Кәсіби құзыреттілікті арттырады. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидаларын сақтайды.

Еңбекақы мөлшері - 124 587 мен 168 122 теңге аралығында

Қажетті құжаттар тізімі:

1. Конкурска қатысу туралы өтініш

2. Жеке куәлігінің көшірмесі

3. Кадрларды есепке алу бойынша жеке іс парақ

4. Білімі және біліктілігін анықтайтын құжаттардың көшірмесі

5. Медициналық анықтама

6. Сотталмағаны туралы анықтама

7. Еңбек кітапшасының көшірмесі

8. Фотосурет 3*4 – 2 дана

9. Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

10. Наркологиялық ұйымнан анықтама;

11. Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты

12. Бағалау парағы

Конкурска қатысу үшін қажетті құжаттар хабарландыру жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күннен бастап 7 жұмыс күні ішінде мына мекен-жайға ұсынылуы тиіс: Орал қаласы, Жәңгірхан көшесі 54, байланыс телефоны 8 (7112) 97-20-16 электрондық почта Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Директордың м.а.              З. Магзумова

Дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты

Батыс Қазақстан облысы

Орал қаласы, Мұхит көшесі 37

Қабылдау бөлімі 24-03-10

Мектеп директоры Зулкашева Шынар Мулкайевна 24-02-20

Интернат меңгерушісі Карасаева Камшат Кайргалиевна 24-03-44