Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының «Дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей- интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Төмендегі бос жұмыс орынына конкурс жариялайды:
-
Директордың ақпараттық технологиялар саласы бойынша орынбасары – 1 бірлік
Үміткерлерге қойылатын талаптар: жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 3 жыл; және (немесе) білім беру ұйымының "үшінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "екінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "бірінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" біліктілік санатының болуы не "педагог – сарапшы" немесе "педагог – зерттеуші" немесе "педагог – шебер" біліктілігінің болуы.
Функционалдық міндеттері: білім беру ұйымын цифрландыру, ақпараттандыру, оны ресурстық қамтамасыз ету процесін іске асыруды ұйымдастырады, оқыту процесінде ақпараттық және коммуникациялық технологияларды, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдарды енгізеді және пайдаланады, білім беру және басқару қызметінде ақпараттық - коммуникациялық технологияларды пайдалану мәселелері бойынша сыртқы ұйымдармен байланыс орнатады; тиісті жұмыс бағытының кадрларын іріктеуді жүзеге асырады, оларды басшыға ұсынады; оқу процесінде, сондай-ақ қашықтықтан оқыту кезінде ақпараттандыру жүйесін пайдалану бойынша жұмысты үйлестіреді; ақпараттық технологияларды пайдалану мәселелері бойынша педагогтерді оқытуды ұйымдастырады; ақпараттық және коммуникациялық технологиялар саласындағы әдістемелік, зерттеу, тәжірибелік-эксперименттік және инновациялық жұмыс жүйесін ұйымдастырады және жоспарлайды; білім беру ұйымдарында процестерді цифрландыруды қамтамасыз етеді; оқу-материалдық базаны қамтамасыз ету, сақтау және жетілдіру, Қызмет көрсету, жөндеу және оны есепке алу жөніндегі жұмысты ұйымдастырады; санитариялық-гигиеналық режим, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелерінің сақталуын қамтамасыз етеді; белгіленген есептік құжаттаманың уақтылы жасалуын қамтамасыз етеді; білім алушылар, тәрбиеленушілер, педагогтар және басқа да қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, Академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді.
Еңбекақы мөлшері - 211 409 мен 256 960 теңге аралығында
Қажетті құжаттар тізімі:
-
Конкурска қатысу туралы өтініш
-
Жеке куәлігінің көшірмесі
-
Кадрларды есепке алу бойынша жеке іс парақ
-
Білімі және біліктілігін анықтайтын құжаттардың көшірмесі
-
Медициналық анықтама
-
Еңбек кітапшасының көшірмесі
-
Фотосурет 3*4 – 2 дана
-
Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
-
Наркологиялық ұйымнан анықтама;
-
Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты
-
Бағалау парағы
Конкурска қатысу үшін қажетті құжаттар хабарландыру жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күннен бастап 7 жұмыс күні ішінде мына мекен-жайға ұсынылуы тиіс: Орал қаласы, Жәңгірхан көшесі 54, байланыс телефоны 8 (7112) 97-20-16 электрондық почта Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
Директордың м.а. З. Магзумова