Құрметті ата-аналар!
Оқушыларды конкурстық негізде қабылдауды ұйымдастыру, өткізу және нәтижесін шығару жұмыстары ақылы негізде жүретіндіктен, мемлекеттік сатып алу порталы арқылы «Абырой» ЖК-і (бұрынғы атауы «Недвижимость Сити») жеңімпаз атанып, ағымдағы жылдың 8-маусымында конкурстық іріктеу емтиханын өткізген жұмыстары келісімшарттың техникалық ерекшеліктеріне сай келмейтіні дәлелденіп, нәтижесі конкурстық іріктеу жүргізу үшін сот шешімімен (8.10.2024 ж №2713-24-00-2/2336) жарамсыз деп танылды.
Ақпан–сәуір айларында біздің мектепке 5,6,7-сыныпқа өтініш берген үміткерлер үшін қайтадан конкурстық іріктеу емтиханын өткізу жоспарлануда. Нақты уақыты мен орыны қосымша хабарланатын болады.
Конкурстық іріктеу «Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы №564 бұйрығы негізінде жүзеге асырылады.
Ата-аналарға және үміткер оқушыларға келтірілген қолайсыздықтар үшін мектеп атынан кешірім сұраймыз.
Мектеп әкімшілігі