2024 жылдың 27-29 қазан күндері Өскемен қаласында өткен 9-10 сынып оқушыларына арналған жас тарихшылардың "Менің шағын Отаным" атты VII республиалық интеллектуалдық конкурсында мектебіміздің 10-сынып оқушысы Сагидоллаева Турсынай ІІІ орын жеңіп алды. Білім бәсекесінде өз білімінің жоғары екенін дәлелдеп, облыс, мектеп намысын қолдан бермеген білімді шәкіртімізді кезекті жеңісімен құттықтаймыз. Шәкіртінің жеңіс тұғырынан көрінуіне талмай еңбек еткен ұстазымыз ӘЛМҰҚАН АСҚАР САТЫБАЙҰЛЫН құттықтап, жеңісті күндеріміз көп болсын деп тілейміз. Жарайсыздар, біз сіздермен мақтанамыз!