Дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты

Мерейтойлық Республикалық ғылыми-практикалық конференция

▫️Бүгін “Сәкен мектебі - ғасыр биігінде” атты мерейтойлық шара аясында «Сәкен Сейфуллиннің әдеби мұрасы, қоғамдық қызметі және білім мен тәрбие берудің өзекті мәселелері» тақырыбында Республикалық ғылыми-практикалық конференциясының 3 бағыт бойынша онлайн форматта секциялық отырыстары өтті.

▫️Мектебіміздің ғасырлық мерейтойымен тұспа-тұс келген көрнекті қаламгер, қоғам және мемлекет қайраткері С.Сейфуллиннің 130 жылдығына арналған атаулы конференцияның мақсаты: ұлт ардақтысы - Сәкен атамыздың шығармашылық, қоғамдық қызметін кеңінен насихаттап, педагогтердің инновациялық әдістері мен шығармашылық әлеуетін қалыптастыру. Секциялық отырыс барысында:
⚜️ “Сәкен Сейфуллиннің ағартушылық, шығармашылық және қоғамдық қызметі” бағыты бойынша қабылданған жалпы 31 жұмыстың 8-і қорғалды;
⚜️ “Біртұтас тәрбие бағдарламасы”: ұлттық сана және жаңаша көзқарас” бағытында қабылданған 11 зерттеу жұмысының 6-ы қорғалып;
⚜️ “Дарынды балаларды оқытудың өзекті трендтері мен тенденциялары” бағыты бойынша 20 зерттеу мақаласының 8-і қорғалды.

Еске сала кетейік, Республикалық ғылыми-практикалық конференцияға қабылданған барлық материалдар жинақ ретінде жарияланатын болады.

Дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты

Батыс Қазақстан облысы

Орал қаласы, Мұхит көшесі 37

Қабылдау бөлімі 24-03-10

Мектеп директоры Зулкашева Шынар Мулкайевна 24-02-20

Интернат меңгерушісі Карасаева Камшат Кайргалиевна 24-03-44