Дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты

СӘКЕН МЕКТЕБІ - ҒАСЫР БИІГІНДЕ

7-8 қараша күндері мектебіміздің 100 жылдық және ұлт перзенті С.Сейфуллиннің 130 жылдығына орай мерейтойлық шаралар өтті.

▫️8 қараша, бүгінгі мерейлі шара екі бөлімді қамтыды: «Сәкен Сейфуллиннің әдеби мұрасы, қоғамдық қызметі және білім мен тәрбие берудің өзекті мәселелері» тақырыбындағы Республикалық ғылыми-практикалық конференциясының пленарлық отырысында Астанадан, Алматыдан арнайы келген қадірлі қонақтар мен ғалым-зерттеушілер, ұстаздар қауымы ұлт ардақтысы - Сәкен Сейфуллиннің әдеби жауһарлары мен қоғамдық қызметі хақында зерттеу мақалалары көпшілік назарына ұсынды. Танымдық бөлім кейін салтанатты концерттік бағдарламаға ұласты. Бас қаладан арнайы келген құрметті қонағымыз - белгілі актер, әнші ақын-драматург Жүнісов Қанат Құрмашұлы “Сәкен Сейфуллин” қойылымымен шығармашылық бөлімнің шымылдығы түріліп, ақын монологі көрермендің жанарына жас үйіріп, ерекше толқыныс сыйлады. Мектебімізді ширек ғасырдан астам уақыт басқарған «Құрмет» орденінің иегері, «Қазақ ССР халық ағарту ісінің озық қызметкері», «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері» Ерсайын Қадырұлы Сапаров пен мектеп түлегі, экс-министр, сенатор Бірғаным Сарықызы Әйтімова мерейтойлық жинақтың тұсауын кесіп, көпшілік назарына ұсынды. Шара барысында білім беру саласында ұзақ жылдар қызмет еткен ардагер ұстаздар мен кәсіби жетістікке жеткен ұстаздарға төсбелгілер мен “Құрмет” грамотасы, “Алғыс хаттар” табысталды.

Үлгілі “Атамұра” халық аспаптар оркестрі мен өнерлі өрендеріміз көрермен көзайымы атанып, жиналған қауымға рухани ләззат сыйлады. Мектеп басшысы Шынар Мүлкайқызының құттықтау сөзімен қорытындыланған шара мерекелік отшашумен түйінделді. Шараға Астана қаласынан арнайы келген Сәкен Сейфуллиннің нағашы қарындасы Әбіш Асылгүл Рахымжанқызы, ақын-драматург, Сәкентанушы Жүнісов Қанат Құрмашұлы, қоғам қайраткерлері, депутаттар, зиялы қауым өкілдері, облысымыздың білім саласының қызметкерлері,баспасөз қызметкерлері, ардақты ардагерлер және мектебіміздің құрметті түлектері қатысты. ҒАСЫРЛЫҚ МЕРЕКЕҢ ҚҰТТЫ БОЛСЫН, СӘКЕН МЕКТЕБІ!

Дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты

Батыс Қазақстан облысы

Орал қаласы, Мұхит көшесі 37

Қабылдау бөлімі 24-03-10

Мектеп директоры Зулкашева Шынар Мулкайевна 24-02-20

Интернат меңгерушісі Карасаева Камшат Кайргалиевна 24-03-44