Міне, мектеп мерейтойының тағы бір ерекше сәті! Сәкен Сейфуллин атындағы Оралдағы №11 мектептің 100 жылдық мерекесінде оның тарихын қамтыған кітаптың тұсауы кесілді. Бұл кітап – мектептің бай мұрасы, онда ұрпақтардың сансыз естеліктері мен жетістіктері жинақталған.
Кешегі мерекелік іс-шара барысында осы кітаптың жарық көруі мектеп тарихының мәңгі есте қалатын сәттерін бейнелеп, келешекке рухани аманат ретінде қалдырды. Кітапқа @oqu_agartu_ministrligi министрі Гани Бейсембаев алғы сөз жазса, лента қию құрметі эксминистр, мектебіміздің 1970 жылғы түлегі Бірғаным Әйтімова мен отыз жылдай мектеп директоры болған Ерсайын Сапаровқа бұйырды. Сәкен Сейфуллин атындағы мектептің алдағы уақыттағы жетістіктері жалғаса берсін!