Бүгін “Жас Ұлан” ұйымының бастамасымен мектебімізге жаңадан қабылданған 5-сынып оқушыларына үзіліс кезінде “Көңілді қоңырау” ұйымдастырылды. Мақсаты: Оқушыларды жаңа ортаға бейімдеу, өзара тату, достық қарым-қатынас орнату. Шара барысында оқушыларға танымдық сұрақтар, мақал-мәтелді жалғастыру сынды тапсырмалар беріліп, тәттілер үлестірілді.
Ұйымдастырушы: педагог-ұйымдастырушы Армангүл Мақсотқызы, жасұландықтар.