Дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатында 19 қараша күні 10 “в” сыныбында теолог маманы Өтәлі Азамат Қаниязұлымен кездесуі өтті.
Кездесудің мақсаты: Діни ағымдардың идеологиясына қарсы иммунитет қалыптастыру, дәстүрлі құндылықтарды насихаттау бағытында мектеп оқушылары арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Оқушыларға қоғамдағы теріс ағымдар және адамдардың қандай жолдар арқылы қателесетіні жөнінде ақпарат берілді. Қазіргі кезде ұялы телефонға, әлеуметтік желіге, яғни ғаламтор торына шырмалған халықтың, әсіресе жастардың діни сауатсыздығы мен білместігінен заңға қайшы келетін іс әрекеттер белең алатындығы, оның соңы қылмыстық жауапкершілікке апаратындығы туралы да айтып өтті. Оқушылар теологқа сұрақтар қойып, теологтың сұрақтарына жауап беріп, белсенділік танытты.