20 қараша мектебімізде “Бір алма,бір апельсин” қайырымдылық акциясы өткізілді. Акцияның мақсаты: оқушыларды жақсылыққа, мейірімділікке баулу, қайырымдылыққа, әрқашан қол ұшын беруге тәрбиелеу. Акцияға 5-11 сыныптар қатысты. Жиналған жемістерді “Қамқорлық бізден” атты акциямен қоғамдық орындарды тазалап жүрген қызметкерлерге мектептің әлеуметтік педагогы Б.Төлеген мен “Жас Ұлан” ұйымының белсенділері табыстайды. Акция 22 қарашаға дейін жалғасады.
Жақсылық жасап жарысайық!
Ұйымдастырушы: әлеуметтік педагог Б.С.Төлеген