22 қараша “Бір алма, бір апельсин” акциясы аясында “Жас Ұлан” ұйымы және “Жүректен жүрекке” үйірмесінің оқушылары қаламыздағы “Таза қала” ЖШС қызметкерлеріне жемістер үлестіріп қайтты. Оқушыларды мейірімділікке, қайырымдылыққа баулуды мақсат еткен акция барысында оқушыларымыз қаламыздың тазалығы үшін еңбектеніп жүрген жұмысшыларға керемет көңіл-күй сыйлады. Ұйымдастырушы: мектеп әлеуметтік педагогі Б.Төлеген, үйірме жетекшісі Г.Шамарова.