«Өркен» балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми-практикалық институтының @orken_instituty ұйымдастыруымен өткен Республикалық «Қауіпсіз интернет» бейнероликтер байқауында мектебіміздің 11г-сынып оқушылары Айдарбекқызы Айназ мен Темірболатова Мадина, 10г-сынып оқушысы Серік Айнара жүлделі I орынды иеленіп, жетекшілері - кәсіби бағдар беру педагогі Қарлығаш Адиевна Исказиева алғыс хатпен марапатталды. Байқау мақсаты: Балалар мен жасөспірімдерді интернетте және әлеуметтік желілерде қауіпсіз және этикалық мінез-құлыққа ынталандыру, ақпараттық қауіпсіздік пен цифрлық сауаттылықты арттыру, кибербуллинг пен кибералаяқтықтан қорғау, жеке деректерді ұрлау және тарату, мазмұнды іріктеу және виртуалды кеңістікте қауіпсіздіктің практикалық дағдыларын қалыптастыру.
Ұйымдастырушы: кәсіби бағдар беру педагогі Қ.А.Исказиева