Дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты

Тарих. Тағылым. Тәуелсіздік

Бүгін Дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатында “Тарих. Тағылым. Тәуелсіздік” атты тарих және құқық пәндері апталығының ашылуы өтті. 9-13 желтоқсан аралығында апталық аясында ашық сабақтар, сыныптан тыс шаралар ұйымдастырылады.

Мақсаты:
-Тәуелсіз еліміздің Халықаралық беделінің жоғары деңгейде көтерілгенін, осы деңгейге жетудегі тәуелсіздік жылдарындағы тарихи оқиғаларды оқушыларға насихаттау.
-16 желтоқсан күні өтетін Тәуелсіздік күнімен,12-желтоқсандағы Алаш Орданың құрылу күнімен байланыстырыла өтетін апталық жас ұрпақтың санасына ел тұтастығы мен бірлігінің, сонымен қатар татулығы мен тыныштығының негізі тәуелсіздік болатындығын оқушыларға жеткізу.
- Оқушыларды Отанын сүйюге, ұлтжандылыққа, елжандылыққа тәрбиелеу.
- Тәуелсіз Қазақстан тарихын жетік білуге құштарлығын ояту.
- Бүгінгі заманға сай ізденімпаздыққа, жасампаздыққа баулу.

Дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты

Батыс Қазақстан облысы

Орал қаласы, Мұхит көшесі 37

Жұмыс телефоны: 50-62-73, факс: 50-62-73