Дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты

Бос лауазымға конкурс жарияланады 10.12.2024 ж

Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының «Дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей- интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Төмендегі бос жұмыс орындарына конкурс жариялайды:

  1. Тәрбиеші - 3 бірлік  /тұрақты/

Үміткерлерге қойылатын  талаптар: тиісті бейін бойынша жоғары педагогикалық  білім немесе тиісті бейін бойынша өзге де кәсіптік білім, білім саласына байланысты ҚР заңдарын білуі.                          

Функционалдық міндеттері: Жатақханада тәрбие және мәдени-бұқаралық жұмысты ұйымдастырады және жүргізеді. Тәрбие жұмысының мазмұнын, нысандары мен әдістерін жетілдіреді. Білім алушылардың спорттық-сауықтыру және әскери-патриоттық тәрбиесін жүзеге асырады. Баланың құқықтарын іске асыруға ықпал етеді, тәрбиеленушілермен жұмысты ұйымдастырады, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес олардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғайды.  Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша жұмысты ұйымдастырады. Ата-аналармен немесе қамқоршылармен байланыс орнатады, білім алушылармен жеке жұмыс жүргізеді. Білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді. Еңбек қауіпсіздігі және еңбек қорғау, өртке қарсы қорғау ережелерінің талаптарын орындайды.

Еңбекақы  мөлшері  - 106 518  мен  148 301 теңге  аралығында

 

  1. Куратор – 3 бірлік / 2 - негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалысы кезеңіне – 01.01.2026 ж. дейін, 1-негізгі қызметкердің жүктілік пен босануына байланысты демалысы кезеңіне – 03.04.2025 ж. дейін /

Үміткерлерге қойылатын  талаптар: тиісті бейін бойынша жоғары педагогикалық  білім немесе тиісті бейін бойынша өзге де кәсіптік білім, білім саласына байланысты ҚР заңдарын білуі.         

Функционалдық міндеттері: Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, білім алушыларды оқытуды және тәрбиелеуді жүзеге асырады. Білім алушы мен тәрбиеленуші тұлғасының жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оны әлеуметтендіруге ықпал етеді. Білім алушылардың жеке қабілеттерін анықтайды және дамытуға жәрдемдеседі. Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жеке қабілеттерін, қызығушылықтарын және бейімділіктерін зерделейді;ата-аналарға арналған педагогикалық кеңестерге қатысады. кәсіби құзыреттілікті арттырады. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидаларын сақтайды. Білім беру процесі кезеңінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді. Ата-аналармен немесе олардың орнындағы адамдармен ынтымақтастықты жүзеге асырады;

Еңбекақы  мөлшері  - 106 518  мен  148 301 теңге  аралығында

 

                  Қажетті құжаттар тізімі:

  1. Конкурска қатысу туралы өтініш
  2. Жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
  3. Кадрларды есепке алу бойынша жеке іс парақ
  4. Білімі  және біліктілігін анықтайтын құжаттардың көшірмесі
  5. Еңбек кітапшасының көшірмесі
  6. Денсаулық жағдайы  туралы  анықтама
  7. Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
  8. Наркологиялық ұйымнан анықтама;
  9. Сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
  10. Ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша сертификаттау нәтижелері туралы сертификаты немесе педагог-модератордың немесе педагог-сарапшының немесе педагог-зерттеушінің немесе педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
  11. Бағалау парағы
  12. Тәжірибесі жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы (өзін-өзі таныстыру)

Конкурска қатысу үшін қажетті құжаттар хабарландыру жарияланғаннан кейін  келесі жұмыс  күннен бастап 7 жұмыс күні  ішінде hr.nobd.edu.kz  электрондық базаға  немесе мына мекен-жайға  ұсынылуы тиіс: Орал қаласы, Жәңгірхан көшесі 54, байланыс телефоны 8 (7112) 97-20-16 электрондық  почта Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

 

Директор                              Ш.М. Зулкашева

Дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты

Батыс Қазақстан облысы

Орал қаласы, Мұхит көшесі 37

Жұмыс телефоны: 50-62-73, факс: 50-62-73