Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының «Дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Төмендегі бос жұмыс орындарына конкурс жариялайды:
- Директордың ақпараттандыру жөніндегі орынбасары – 1 бірлік /тұрақты/
Үміткерлерге қойылатын талаптар: жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 3 жыл; және (немесе) білім беру ұйымының "үшінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "екінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "бірінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" біліктілік санатының болуы не "педагог – сарапшы" немесе "педагог – зерттеуші" немесе "педагог – шебер" біліктілігінің болуы, білім саласына байланысты ҚР заңдарын білуі.
Функционалдық міндеттері: білім беру ұйымын цифрландыру, ақпараттандыру, оны ресурстық қамтамасыз ету процесін іске асыруды ұйымдастырады, оқыту процесінде ақпараттық және коммуникациялық технологияларды, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдарды енгізеді және пайдаланады, білім беру және басқару қызметінде ақпараттық - коммуникациялық технологияларды пайдалану мәселелері бойынша сыртқы ұйымдармен байланыс орнатады; тиісті жұмыс бағытының кадрларын іріктеуді жүзеге асырады, оларды басшыға ұсынады; оқу процесінде, сондай-ақ қашықтықтан оқыту кезінде ақпараттандыру жүйесін пайдалану бойынша жұмысты үйлестіреді; ақпараттық технологияларды пайдалану мәселелері бойынша педагогтерді оқытуды ұйымдастырады; ақпараттық және коммуникациялық технологиялар саласындағы әдістемелік, зерттеу, тәжірибелік-эксперименттік және инновациялық жұмыс жүйесін ұйымдастырады және жоспарлайды; білім беру ұйымдарында процестерді цифрландыруды қамтамасыз етеді; оқу-материалдық базаны қамтамасыз ету, сақтау және жетілдіру, Қызмет көрсету, жөндеу және оны есепке алу жөніндегі жұмысты ұйымдастырады; санитариялық-гигиеналық режим, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелерінің сақталуын қамтамасыз етеді; белгіленген есептік құжаттаманың уақтылы жасалуын қамтамасыз етеді; білім алушылар, тәрбиеленушілер, педагогтар және басқа да қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, Академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді.
Еңбекақы мөлшері - 211 409 мен 256 960 теңге аралығында
- Қосымша білім беру педагогы – 1 бірлік /тұрақты /
Үміткерлерге қойылатын талаптар: жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, білім саласына байланысты ҚР заңдарын білуі.
Функционалдық міндеттері: Қосымша білім беру саласында білім алушылардың әр түрлі шығармашылық қызметін ұйымдастырады; үйірмелердегі, секциялардағы, студиялардағы, клубтық және басқа да балалар бірлестіктеріндегі білім алушылардың, тәрбиеленушілердің құрамын жинақтайды, оларды оқу мерзімі ішінде сақтау жөнінде шаралар қабылдайды; қосымша білім берудің білім беру бағдарламаларын әзірлеуге және іске асыруға қатысады, сабақ жоспарлары мен іс-шаралар бағдарламаларын жасайды, олардың орындалуын қамтамасыз етеді; белгіленген құжаттаманы жүргізеді; білім алушылардың, тәрбиеленушілердің шығармашылық қабілеттерін анықтайды, жеке тұлғаның дамуына, білім алушылардың, тәрбиеленушілердің білім алу қажеттіліктерін қанағаттандыруға ықпал етеді; білім алушылардың, тәрбиеленушілердің дербес қызметін, оның ішінде зерттеу қызметін ұйымдастырады, білім беру процесіне инновациялық технологияларды қосады, оқытудың практикамен байланысын жүзеге асырады; білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жетістіктерін қамтамасыз етеді және талдайды; білім беру бағдарламасын меңгеру нәтижесін бағалайды; дарынды және талантты білім алушыларды, тәрбиеленушілерді, оның ішінде ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды қолдайды; әр түрлі деңгейдегі және бағыттағы іс-шараларға балалардың қатысуын ұйымдастырады; білім алушылардың, тәрбиеленушілердің каникулдық демалысын ұйымдастыруға қатысады; сабақтар өткізу кезінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі жөніндегі қағидалардың сақталуын қамтамасыз етеді, балалардың өмірі мен денсаулығын сақтауға жауапты болады; ата-аналарға және оларды ауыстыратын тұлғаларға, сондай-ақ педагогтерге консультациялық көмек көрсетеді; әдістемелік кеңестердің, бірлестіктердің қызметіне, педагогикалық шеберлікті арттыруға бағытталған іс-шараларға қатысады; жүйелі түрде кәсіби біліктілігін арттырады.
Еңбекақы мөлшері - 137 046 мен 163 131 теңге аралығында
Қажетті құжаттар тізімі:
- Конкурска қатысу туралы өтініш
- Жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
- Кадрларды есепке алу бойынша жеке іс парақ
- Білімі және біліктілігін анықтайтын құжаттардың көшірмесі
- Еңбек кітапшасының көшірмесі
- Денсаулық жағдайы туралы анықтама
- Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
- Наркологиялық ұйымнан анықтама;
- Сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
- Бағалау парағы
- Тәжірибесі жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы (өзін-өзі таныстыру)
Конкурска қатысу үшін қажетті құжаттар хабарландыру жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күннен бастап 7 жұмыс күні ішінде hr.nobd.edu.kz электрондық базаға немесе мына мекен-жайға ұсынылуы тиіс: Орал қаласы, Жәңгірхан көшесі 54, байланыс телефоны 8 (7112) 97-20-16 электрондық почта Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
Директор Ш.М. Зулкашева