Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының «Дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей- интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Төмендегі бос жұмыс орындарына конкурс жариялайды:
- Биология пәнінің мұғалімі – 1 бірлік /уақытша - 31.12.2025 дейін/
Үміткерлерге қойылатын талаптар: тиісті бейін бойынша жоғары педагогикалық білім немесе тиісті бейін бойынша өзге де кәсіптік білім, білім саласына байланысты ҚР заңдарын білуі.
Функционалдық міндеттері: Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, білім алушыларды оқытуды және тәрбиелеуді жүзеге асырады. Білім алушы мен тәрбиеленуші тұлғасының жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оны әлеуметтендіруге ықпал етеді, білім алушылардың жеке қабілеттерін анықтайды және дамытуға жәрдемдеседі. Білім алушылардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, оқытудың жаңа тәсілдерін, тиімді нысандарын, әдістері мен құралдарын қолданады. Пәндер бойынша қысқа мерзімді және орта мерзімді (күнтізбелік-тақырыптық) жоспарлар, бөлім үшін жиынтық бағалау және тоқсан үшін жиынтық бағалау үшін тапсырмалар жасайды. Бөлім бойынша жиынтық бағалауды және тоқсан бойынша жиынтық бағалауды өткізу қорытындысы бойынша талдау жүргізеді, журналдарды (қағаз немесе электрондық)толтырады. Оқу үрдісінде заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданады. Оқу процесінде қарапайым бағдарламалық қамтамасыз етуді және ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың қосымшаларын пайдаланады. Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында көзделген деңгейден төмен емес тұлғалық, жүйелік-қызметтік, пәндік нәтижелерге қол жеткізуін қамтамасыз етеді. Әдістемелік бірлестіктердің, мұғалімдер қауымдастығының, әдістемелік, педагогикалық кеңестердің, желілік қоғамдастықтардың отырыстарына қатысады. Ата-аналарға арналған педагогикалық консилиумдарға қатысады, ата-аналарға кеңес береді. Кәсіби құзыреттілікті арттырады. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидаларын сақтайды.
Еңбекақы мөлшері - 124 587 мен 168 122 теңге аралығында
- Куратор – 3 бірлік - уакытша / 2 - негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалысы кезеңіне – 01.01.2026 ж. дейін, 1-негізгі қызметкердің жүктілік пен босануына байланысты демалысы кезеңіне – 03.04.2025 ж. дейін /
Үміткерлерге қойылатын талаптар: тиісті бейін бойынша жоғары педагогикалық білім немесе тиісті бейін бойынша өзге де кәсіптік білім, білім саласына байланысты ҚР заңдарын білуі.
Функционалдық міндеттері: Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, білім алушыларды оқытуды және тәрбиелеуді жүзеге асырады. Білім алушы мен тәрбиеленуші тұлғасының жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оны әлеуметтендіруге ықпал етеді. Білім алушылардың жеке қабілеттерін анықтайды және дамытуға жәрдемдеседі. Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жеке қабілеттерін, қызығушылықтарын және бейімділіктерін зерделейді;ата-аналарға арналған педагогикалық кеңестерге қатысады. кәсіби құзыреттілікті арттырады. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидаларын сақтайды. Білім беру процесі кезеңінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді. Ата-аналармен немесе олардың орнындағы адамдармен ынтымақтастықты жүзеге асырады;
Еңбекақы мөлшері - 106 518 мен 148 301 теңге аралығында
Қажетті құжаттар тізімі:
- Конкурска қатысу туралы өтініш
- Жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
- Кадрларды есепке алу бойынша жеке іс парақ
- Білімі және біліктілігін анықтайтын құжаттардың көшірмесі
- Еңбек кітапшасының көшірмесі
- Денсаулық жағдайы туралы анықтама
- Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
- Наркологиялық ұйымнан анықтама;
- Сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
- Бағалау парағы
- Тәжірибесі жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы (өзін-өзі таныстыру)
Конкурска қатысу үшін қажетті құжаттар хабарландыру жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күннен бастап 7 жұмыс күні ішінде hr.nobd.edu.kz электрондық базаға немесе мына мекен-жайға ұсынылуы тиіс: Орал қаласы, Жәңгірхан көшесі 54, байланыс телефоны 8 (7112) 97-20-16 электрондық почта Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
Директор Ш.М. Зулкашева