Дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты

Серпіліс сыйлаған “Флейта сазы”

Бүгін мектебімізге флейташы, ҚазКСР еңбек сіңірген әртісі, профессор Байсағатов Бекболат мырза мен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әнші, танымал сазгер Донеділ Қажымов Ізмағанбетұлы келіп, көпшілік назарына “Флейта сазы” тақырыбында концерттік бағдарламасын ұсынды. Жас ұрпақты өнерге баулу, әсем ән мен саз арқылы тыңдарман бойына отансүйгіштік асқақ рух пен мәдени талғампаздық қасиетін дарытуды мақсат еткен шарада Бекболат Байсағатов 17-ғасырдан бермен келе жатқан туындылар мен классикалық шығармаларды флейтаның сазды әуенімен тыңдармандар жүрегін тебірентсе, Донеділ Қажымов елге танымал “Ақжайық - ару мекенім”, “Оралым” әндерімен керемет серпіліс сыйлады. Өнер мектебінің оқушылары мен ұстаздар қатысқан жиынды мектеп басшысы Шынар Мүлкайқызы қорытындылап, қонақтарға ризашылығын жеткізіп, естелікке мектебіміздің 100 жылдық мерейтойында жарық көрген мерекелік жинақты тарту етті.

Дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты

Батыс Қазақстан облысы

Орал қаласы, Мұхит көшесі 37

Жұмыс телефоны: 50-62-73, факс: 50-62-73