Дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты

Бос жұмыс орындарына конкурс жариялайды

Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының «Дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей- интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Төмендегі бос жұмыс орындарына конкурс жариялайды:

  1. Тәрбиеші - 2 бірлік  /тұрақты/

Үміткерлерге қойылатын  талаптар: тиісті бейін бойынша жоғары педагогикалық  білім немесе тиісті бейін бойынша өзге де кәсіптік білім, білім саласына байланысты ҚР заңдарын білуі.                          

Функционалдық міндеттері: Жатақханада тәрбие және мәдени-бұқаралық жұмысты ұйымдастырады және жүргізеді. Тәрбие жұмысының мазмұнын, нысандары мен әдістерін жетілдіреді. Білім алушылардың спорттық-сауықтыру және әскери-патриоттық тәрбиесін жүзеге асырады. Баланың құқықтарын іске асыруға ықпал етеді, тәрбиеленушілермен жұмысты ұйымдастырады, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес олардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғайды.  Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша жұмысты ұйымдастырады. Ата-аналармен немесе қамқоршылармен байланыс орнатады, білім алушылармен жеке жұмыс жүргізеді. Білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді. Еңбек қауіпсіздігі және еңбек қорғау, өртке қарсы қорғау ережелерінің талаптарын орындайды.

Еңбекақы  мөлшері  - 106 518  мен  148 301 теңге  аралығында

 

Қажетті құжаттар тізімі:

  1. Конкурска қатысу туралы өтініш
  2. Жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
  3. Кадрларды есепке алу бойынша жеке іс парақ
  4. Үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері
  5. Еңбек кітапшасының көшірмесі
  6. Денсаулық жағдайы  туралы  анықтама
  7. Психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары бар аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама
  8. Наркологиялық аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама
  9. Сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
  10. Бағалау парағы
  11. Тәжірибесі жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы (өзін-өзі таныстыру)
  12. Жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша), оқу орнынан ұсыным хат.

 

Конкурска қатысу үшін қажетті құжаттар хабарландыру жарияланғаннан кейін  келесі жұмыс  күннен бастап  7 жұмыс күні  ішінде hr.nobd.edu.kz  электрондық базаға  немесе мына мекен-жайға  ұсынылуы тиіс: Орал қаласы, Жәңгірхан көшесі 54,  электрондық  почта Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс..

 

Директор                              Ш.М. Зулкашева

 
Дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты

Батыс Қазақстан облысы

Орал қаласы, Мұхит көшесі 37

Жұмыс телефоны: 50-62-73, факс: 50-62-73