Дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы #11 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының 8 “Б” сыныбы, химия-биология бағытында білім алатын оқушылар үшін “Angiomed” клиникасында кәсіби бағдар беру кездесуі ұйымдастырылды. Мақсатымыз – болашақта медицина саласын таңдауды жоспарлап жүрген оқушыларға құнды ақпарат беру, дәрігерлік мамандықтың қыр-сырын түсіндіру және олардың кәсіби бағытын нақтылауға көмектесу. Кездесу барысында клиника мамандары қазіргі заманғы медицинаның қарқынды дамуы, түрлі бағыттардағы мүмкіндіктер, дәрігерлік жолдың жауапкершілігі мен маңыздылығы туралы пайдалы кеңестер берді. Осындай іс-шаралар арқылы біз болашақ мамандарға жол сілтеп, олардың армандарына бір қадам жақындай түсуіне сеп боламыз!