ҚР Оқу-ағарту министрлігінің тапсырмасына сәйкес Бірыңғай өрт қауіпсіздігін сақтау күніне орай бүгін мектеп оқушылары Қалалық өрт сөндіру бөліміне барып қайтты. Мақсат: оқушыларға өрт қауіпсіздігін жан-жақты түсіндіре отырып, қауіпсіздік жайлы білім-түсініктерін молайту. Профилактикалық шара барысында аталған бөлімнің мамандандырылған жасақ мүшелері:
жасақ бастығының көмекшісі азаматтық қорғау капитаны Мажитов А.Ш., бөлімше командирі азаматтық қорғау аға сержанты Талап А.Т. және диспетчер азаматтық қорғау старшинасы Сисенгалиев Н.З. оқушыларға бөлім ішін аралатып, өрт сөндіру техникаларымен, құрал-жабдықтарымен таныстырды. Оқушылар сала мамандарына өз сауалдарын қойып, толымды жауап алды.
Ұйымдастырушы: сынып кураторы Мурзабаева А., интернат тәрбиешісі Нургалиева М.