Дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты

Оқушыларға кәсіби бағдар беру

11 ақпан күні 8б-сынып оқушылары “ANGIOMED +” флебология және лазерлік хирургия орталығына барып, ангиохирург, кардиохируг, флеболог Қазтуганов Жанайдар Қазтуғанұлымен кездесіп келді. Кездесу мақсаты: химия-биология бағытын таңдап, болашағын медицина саласымен байланыстыратын білім алушыларға кәсіби бағдар беру, өз ісінің майталманынан толық әрі дәйекті ақпарат алу. Басқосу барысында варикозды емдеуден инновациялық әдіс ұсынған тұңғыш қазақ дәрігері Жанайдар Қазтуғанұлы флебология саласындағы өз тәжірибесінен жан-жақты қызықты мәліметтермен бөлісті. Кездесу оқушылардың қоғамдық сұранысқа ие флебология, ангиохирургия салаларына деген қызығушылығын тудырды деген ойдамыз. Ұйымдастырушы: кәсіби бағдар беруші педагогі Исказиева К.А., сынып кураторы: Максутова Д.А.

Дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты

Батыс Қазақстан облысы

Орал қаласы, Мұхит көшесі 37

Жұмыс телефоны: 50-62-73, факс: 50-62-73