Дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы N11 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының оқушылары ұлы ойшыл, қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған “Менің сүйікті кітабым - Абай шығармалары” республикалық челленджіне үн қосуда. Мақсат: Хакім Абай шығармашылығын насихаттау, ақынның өлеңдері мен қара сөздері арқылы жас ұрпақтың бойына адамгершілік қасиеттерін баулу. Челленджді Атырау облысынан қабыл алып, Жамбыл облысына @zhambyl_bilim жолдаймыз.