Дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты

Ұстаздың есімі — ұрпақтың жүрегінде

Бүгін мектебімізде, “Физика, информатика, көркем еңбек” пәндері апталығы аясында жоспарланған, ұрпақ жүрегінде мәңгілік із қалдырған ұстаз - Хадыржан Лұқпановты еске алу мақсатында  «Хадыржан Лұқпанов атындағы физика пәнінен ІІ облыстық олимпиада» өткізілді.

Олимпиада мақсаты:

- оқушылардың зияткерлікке және ғылыми білімге, физика пәніне деген қызығушылығын дамыту;

- физика пәні бойынша дарынды балаларды анықтау және қолдау;

- оқушылардың  деңгейі мен танымдық шеберлігін арттыруға ықпал ету;

Олимпиадаға 7, 8, 9, 10-сынып оқушыларынан құралған 4 оқушыдан тұратын Абай атындағы ОДБАММГИ, №35 мектеп-лицей, №8 ДБМОМЛ, ДБАМ ақпараттық технологиялар МЛИ, ДБАМ «Білім-Инновация» лицейі құрама командалары қатысты.

Нәтижесінде:

7 сыныптар арасында Максим Айару (Абай ат. ОДБАММГИ)

8 сыныптар арасында Нурмахамбетов Абылай (№35 мектеп-лицей)

9 сыныптар арасында Чуприн Евгений  (№35 мектеп-лицейі)

10 сыныптар арасында Никитин Илья (№35 мектеп-лицейі) үздік атанды.

Командалық есепте:

1-орынды №35 мектеп-лицей (Диплом, сертификат 40000 тг)

2-орынды БҚОДБАМ «Білім-Инновация» мектеп-лицей-интернаты (Диплом, сертификат 30000 тг)

3-орынды БҚО, Орал қаласы, №8 ДБМОМЛі (Диплом, сертификат 20000 тг) иемденді.

Белсенді қатысқаны үшін дипломмен және ақшалай 5000 тг сертификатымен БҚОДБАМ ақпараттық технологиялар мектеп-лицей интернаты және Абай ат. ОДБАММГИ командалары марапатталды.

Облыстық олимпиада ұстаздың ұзақ жылғы еңбегін еске алу мен жаңа буын өкілдеріне физика пәнін терең меңгеруге бағытталған мотивация береді. Бұл шараның өтуіне демеушілік білдірген Х.Лұқпановтың физика-математика бағыттындағы 2018 жылғы түлектеріне алғысымызды білдіреміз!

 

Дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты

Батыс Қазақстан облысы

Орал қаласы, Мұхит көшесі 37

Жұмыс телефоны: 50-62-73, факс: 50-62-73