Дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты

«Ақ шағала» республикалық хореографиялық фестиваль-байқауының облыстық кезеңінің қорытындысы

Білім басқармасының 2025 жылғы 3 ақпандағы №92 бұйрығына сәйкес білім алушылардың хореографиялық, шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін жағдай жасау, үйлесімді тұлғаны тәрбиелеу және одан әрі дамыту бойынша жүйелі және мақсатты іс-шаралар жүргізу, рухани-адамгершілік және мәдени құндылықтарға тарту мақсатында ағымдағы жылдың 6 наурыз күні «Ақ шағала» республикалық хореографиялық фестиваль-байқауының облыстық кезеңі қашықтан өткізілді.
Байқауға 10 аудан, 2 облыстық мектеп, Орал қаласының жалпы орта білім беретін мектептерінің оқушылары барлығы 113 оқушы, 14 ұжым қатысты.
Байқау келесі номинациялар бойынша өткізілді:
1) халық биі және халықтық стильдегі би:
а) әлем халықтарының билері;
б) қазақ биі;
2) заманауи би:
а) эстрадалық би;
б) аралас би.
Қазылар алқасы төмендегідей бағалады:
І орын – Орал қаласы, Д.Нұрпейісова атындағы балалар музыка мектебінің «Фантазия» хореографиялық ансамблі (жетекшісі: С.В.Рамазанова);
ІІ орын – Ақжайық ауданы, Балалар шығармашылық орталығының «Дарын» би ансамблі (жетекшісі: Г.Ж.Онгар);
ІІ орын – Сырым ауданы, Балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығының «Shine» би ұжымы (жетекшісі: Г.К.Темирбекова);
ІІІ орын – Дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 мектеп-лицей-интернатының «Өнер» мектебінің «Дарын» би ансамблі (жетекшісі: А.Ж.Журалиева);
ІІІ орын – Жаңақала ауданы, Жаңақала жалпы орта білім беретін мектебінің «Нұрбибі» хореографиялық ұжымы (жетекшісі: Л.Н.Қанатова);
ІІІ орын – Жәнібек ауданы, Ұзынкөл жалпы орта білім беретін мектебінің «Көзайым» би тобы (жетекшісі: А.М.Жаксыгулова);
Алғыс хат – Казталов ауданы, Балалар шығармашылығы және жаңа технологиялар орталығының «Шаттық» би ансамблі (жетекшісі: З.З.Куандыкова);
Алғыс хат – Қаратөбе ауданы, Шөптікөл мектеп- бөбекжай- балабақша кешенінің «Алау» би тобы (жетекшісі: А.А.Куатова);
Алғыс хат – Тасқала ауданы, Сәулет мектеп-лицейінің «Айкөркем» би тобы (жетекшісі: М.Н.Сариева);
Алғыс хат – Облыстық дарынды балаларға арналған Абай атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатының «Наз-Үміт» би тобы (жетекшісі: А.А.Макарова);
«Үздік хореографиялық ұжым» номинациясы - Орал қаласы, Д.Нұрпейісова атындағы балалар музыка мектебінің «Фантазия» хореографиялық ансамблі (жетекшісі: С.В.Рамазанова);
«Сахналық орындау шеберлігі үшін» номинациясы – Ақжайық ауданы, Балалар шығармашылық орталығының «Дарын» би ансамблі (жетекшісі: Г.Ж.Онгар);
«Ерекше би қойылымы үшiн» - Шыңғырлау ауданы, Мектептен тыс жұмыс орталығының «Кербез» би тобы (жетекшісі: Ә.Б.Серік);
Байқау жеңімпаздары Білім басқармасының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен, сондай-ақ «Үздік хореографиялық ұжым», «Сахналық орындау шеберлігі үшін», «Ерекше би қойылымы үшiн» номинациялары бойынша марапатталды. Фестиваль-байқаудың барлық би ұжымына қатысқаны туралы сертификаттар табысталды. Үздік жұмыстар республикаға жолдама алды.
Барша жеңімпаздарды жүлделі орындарымен шын жүректен құттықтай отырып, шығармашылық табыс пен бастамаларына жетістіктер тілейміз!

 
Дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты

Батыс Қазақстан облысы

Орал қаласы, Мұхит көшесі 37

Жұмыс телефоны: 50-62-73, факс: 50-62-73