Наурызнаманың онкүндігіне сай 18 наурыз - Ұлттық киім күні.
Ұлттық киім - қай ұлттың болмасын салт-дәстүрі мен мәдениетінің ажырамас бөлігі. Оған жай киім ретінде емес, бүтін бір ұлттың бет-бейнесін айқындайтын мұра, сан ғасырлық тарихы бар көркем туынды деп қарауымыз керек.
Қазақтың ұлттық киімі қарапайым әрі әдемілігімен, ерекшелігімен ғасырлар бойы тамсандырып келеді.
Бүгін - халық рухының кеңдігін, таңғажайып күйін бейнелейтін ұлттық киімнің дизайны мен көркемдігіне, қайталанбас өрнегіне тамсанып, бұл өнердегі бай мұраны зерттеп, одан шабыт алатын күн.
Ұлттық киім күніне орай ұйымдастырылған “Ұлттық киім-ұлттың сәні” атты “Абиба қолөнер” @abiba.koloner шеберханасының негізін қалаушы Қасай Жұлдыз Нұрғалиқызымен кездесу өтті. Қонаққа қыз балаларымыздың аналары шақырылып, жоғары сынып қыз балалары қатысты.
Мақсаты: Ұлттық киімдердің тарихы, мәні мен маңызы туралы мәлімет беру, тігіншілік өнерімен таныстыру.
Ұйымдастырушылар: Максутова Д.А Ерболатова А.Е. Ильясова Ж.Ж