17 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні еліміздің ұлттық мұрасына деген құрметімізді арттырып, оны болашақ ұрпаққа жеткізудің маңыздылығын айқындайды.
Мәдениет күнін дәріптеу мақсатында 6а, 8в сынып оқушыларының қатысуымен “Күй күмбірі” күй ойнау үзілісі ұйымдастырылды.
Күй өнері – қазақ халқының ең құнды, бағалы мұрасының бірі. Қаны мен жанында күй ойнаған ұлтымыз үшін домбыра үні оқушыларға да ерекше әсер сыйлады.
Ұйымдастырушылар:
Н. Нургалиева
А. Мурзабаева