Дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Бүгін, 3 сәуір күні Астана қаласында алғаш рет «Оқу және математикалық сауаттылық: табысты синергия» атты республикалық байқауы өтті.

Еліміздің түкпір-түкпірінен іріктелген 100 қазақ тілі мен әдебиеті және 100 математика пәні мұғалімі қатысқан ауқымды білім додасына мектебімізден математика пәні мұғалімі АЙСАГАЛИЕВ АЛИМБЕК САВИТОВИЧ қатысып, байқаудың І кезеңі-жұптық жарыста ІІІ орын алып, командалық жарыста БҚО командасы Бас жүлдені иеленді. Үздіктердің ішінде жүйрік атанған Алимбек Савитович пен БҚО командасын шын жүректен құттықтаймыз!!! Табысты жеңістеріңіз халықаралық деңгейге ұлассын!

Айта кетейік, Білім бәйгесі спорттық жарыс форматында түсініп оқу, логикалық ойлау және дәл есептеуді негізге ала отырып ұйымдастырылған.

Дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты

Батыс Қазақстан облысы

Орал қаласы, Мұхит көшесі 37

Қабылдау бөлімі 24-03-10

Мектеп директоры Зулкашева Шынар Мулкайевна 24-02-20

Интернат меңгерушісі Карасаева Камшат Кайргалиевна 24-03-44