Дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты

«АЛТЫН АЛМА, АЛҒЫС АЛ» ЖЕТЕКШІЛЕР МЕН ОҚУШЫЛАР ПІКІРІ

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі пәні бойынша қатысушы оқушыларының уақыттарын тиімді ұйымдастыру мақсатында түрлі экскурсиялар ұйымдастырылған болатын. Қаламыздың әсем жерлерінен бөлек, «Жайық арена» кешенінде өткен «Чемпиондар шеруіне» қатысып, халықаралық, республикалық спорт біріншіліктері чемпиондары мен бапкер-ұстаздардан шеберлік сағатын алып, поэзиялық кеште әдебиет әлеміне саяхат жасады.

Олимпиадаға қатысушы дарынды оқушыларымыз өздерін жылы қарсы алған мектеп ұжымына да алғыстарын, ыстық ықыластарын білдірді. Білім додасына қатысушылар үшін ең бастысы-жарысқа дайындалуларына бар жағдайының жасалуы десек, мектеп ұжымының қарсылап алудан бастап, бос уақыттарын тиімді ұйымдастыруға дейінгі жасаған мүмкіндіктерінің еліміздің түкпір-түкпірінен келген қатысушыларының көңілінен шыққанына қуаныштымыз!

Дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты

Батыс Қазақстан облысы

Орал қаласы, Мұхит көшесі 37

Қабылдау бөлімі 8 (7112) 24-03-10

Мектеп директоры Зулкашева Шынар Мулкайевна
8 (7112) 24-02-20

Интернат меңгерушісі Карасаева Камшат Кайргалиевна
8 (7112) 24-03-44