ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2025 жылғы 9-11 сәуірде Астана қаласында «Ғылым әлемін ашамыз» атты ғарыштық зерттеулер бойынша халықаралық ғылыми конкурсын өткізді.
Қазақстанның барлық өңірінен, сондай-ақ Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан қалаларынан барлығы 116 дарынды оқушы қатысқан халықаралық байқауға біздің мектебіміздің 10д-сынып оқушысы Нәдір Аружан да (Жетекшілері: Бородосова Эльвира Көпбосынқызы, Иманалиев Марат Мансурұлы ) бақ сынап, жүлделі 3-орынды иеленді.
Аталған конкурстың басты мақсаты-дарынды оқушыларды анықтау, дамыту және қолдау, сондай-ақ олардың ғылыми-зерттеу қызметіне деген қызығушылығын арттыру. Қатысушылар өнертабыс, теория немесе жоба туралы баяндайтын 3 секцияның бірінде жеті минуттық презентация ұсынған.
Ғылым жолына қадам басып, халықаралық деңгейдегі байқауда мектеп мерейін асырған оқушымыз Аружан мен жетекшілері Эльвира Көпбосынқызы және Марат Мансурұлын шын жүректен құттықтаймыз! Жеңістеріңіз жалғасын тауып, тек биіктерден көріне беріңіздер!